$ 494.87  520.65  4.91

Аргентинаның бұзақы жанкүйерлері полициямен қақтығысты (ВИДЕО)

Футболдан ұлттық құрамалары финалда ұтылған соңАргентинада жанкүйерлер бүлік шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Newsru.com» сайты хабарлағандай, жанкүйерлердің негізгі басым бөлігі ойын біткен соң үйлеріне бейбіт түрде тарқасса да 60-тан астам адамның полиция қызметкерлерімен қақтығысқаны жайлы сөз болуда. Оқиға ойын біте салысымен Аргентина астанасының бас белгісі 67 метрлік «Обелиск» монументінің жанында басталған. Буэнос-Айресте орын алған бассыздықтар кезінде жергілікті полиция өкілдері көзден жас ағызатын газ бен резина оқтар және суатқыштар пайдалануға мәжбүр болған.

Басбұзарлардың бөтелке, таяқ, тас лақтыруынан 15 құқыққорғаушы жараланған. Жолында кезіккеннің бәрін қирата берген бұзақылар тас алу үшін жол төсемдерін де бұзып, қоқыс жәшіктерін өртеген.

Нәтижесінде 20 адам резина оқтан жараланып, тағы 50 маскүнем ұсталды.

Ал, есесіне Германияда миллиондаған жанкүйерлер сүйікті құрамаларының жеңісін түні бойы тойлады. Мемлекеттік туын желбіретіп Берлиннің көше-көшесін аралаған неміс жанкүйерлері таң атқанша тынбады. Мерекелік көңіл күйде жүрген жанкүйерлердің мерекесіне бола Берлинде біраз көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Сондай-ақ, финалдық кездесуде көрермен ретінде қатысқан Германия канцлері Ангела Меркель ойын біткен соң аяқдопшылардың киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, футболшылармен бірге естелік суретке түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары