$ 494.87  520.65  4.91

«Фэйсбук»-та жазба қалдырып, 127 жылға қамалды

Иранда «Фэйсбук» әлеуметтік желісіне жазба қалдырғаны үшін 8 бірдей жасөспірімге бар жиыны 127 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Lenta.ru.

Олардың әрқайсысы бас басына 11 мен 21 жыл аралығында абақтыға қамалу жазасын алған. Түрмеге түсіп жатқандардың аты-жөні жарияланбай отыр. Алайда, сот шешімінде олардың мұндай жазаға «Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекетке барғаны, үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізгені және діни көсемдер мен Иран басшыларын мазақ еткендері» үшін тартылғаны айтылған.

Айта кетейік, Иранда 2009 жылдан бері Facebook, Twitter и YouTube әлеуметтік желілеріне тыйым салынған. Сондай-ақ, осы жылдың 23 мамырынан бастап ел билігі Instagram желісін дешектеп тастады. Үкіметтің пайымынша, бұл ғаламтор желілері елазаматтарының жеке өміріне қол сұқтырмау құқығын шектейді. 

Сонымен бірге, бұл елде виртуалды кеңістікті бақылауда ұстап отыратын арнайы ғаламтор-қылмысымен күрес бөлімі бар. Ал, 2012 жылдан бастап ғаламторға бақылау жасап отыратын арнайы агенттік құрылып, жұмыс істеп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары