$ 494.87  520.65  4.91

Апатқа ұшыраған «Протонның» кезекті ұшырылымы қыркүйек айына жоспарланды

Мамыр айындағы апаттан кейін «Протон» зымыран тасмалдағыштың алғашқы ұшырылымы 2014 жылғы 28 қыркүйекке жоспарланған, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы «Эхо Москвы» радиостанциясының эфирінде Роскосмос басшысының бірінші орынбасары Александр Иванов мәлімдеген болатын.

— «Протоның» алғашқы ұшырылымы жоспар бойынша 28 қыркүйекке белгіленген, — дейді ол.

Еске сала кетсек, осы жылдың мамыр айында Байқоңырдан көкке көтерілмек болған кезекті протон апатқа ұшыраған еді. Жерден көтерілгеніне 10 минут болмай жатып, 9-минутта сәтсіздікке тап болды. Ресейлік ақпарат көздері болса, ракета Қазақстан аумағынан тыс жерге құлады деп мәлімет таратты.

Дәлірек айтқанда, «ресейлік спутнигі бар «Протон» Қазақстан аумағынан тыс жерде, не Алтайда, не Тынық мұхитының үстіне құлады» деп хабарланған. Ал, оның атышулы улы гептилі ауаның жоғарғы қабаттарында жанып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары