$ 448.15  483.46  4.86

Филиппинде қайтыс болған сәби тіріліп кетті (ВИДЕО)

Филиппинде қайтыс болған қыз жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті, деп хабарлайды Тengrinews.kz шетелдік ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Қыз бала безгекпен ауырып, 11 шілде күні ауруханаға жатқызылған. Келесі күні дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтайды. Сәбидің ата-анасы 13 шілде күні қызының жаназасын шығармақ болады. Рәсімге дайындалып жатқан кезде көршілердің бірі табыттағы қыздың қозғалғанын байқайды.

«Марқұмның» туыстары оның жүрек қағысын тексеріп, тірі екеніне көз жеткізеді. Дәрігерлер өліп-тірілген қызды тексерді, қазір ол үйіне жіберілді. Науқастың ата-анасы оған білікті мамандарды іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары