$ 494.87  520.65  4.91

ДХР Киевпен уақытша бітімге келуге дайын

Украина аумағына құлаған Малайзия жолаушылар ұшағы апатының мән-жайы анықталғанша, Донецк халық республикасы Киевпен уақытша бітімге келуге әзір, деп хабарлайды Ресейлік ақпарат агенттігі.

― Біз халықаралық сарапшылардың апат болған аймаққа кірулеріне барынша жағдай жасаймыз. Әрине, өзіміз сол жерде атысты тоқтатамыз. Әзірше осы тақырыпқа байланысты Киевтен келген арнайы топпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Кеңестер ЕҚЫҰ өкілдерінің қатысуымен өтуде. Бұл жұмыс бүгін де жалғасады, ― деп мәлімдеді Донецк халық республикасының премьер-министрі Александр Бородай.

Ресейдегі Донецк халық республикасының өкілі Андрей Родкин болса, жасақтардың бітімге келу мәселесі бойынша келіссөздерді жүргізуге әзір екендігін жеткізді.

― Бізге бейбітшілік керек. Сондықтан бітімге келуге әзірміз. Бейбіт халықтың өлімін, инфрақұрылымның қирауын тоқтату қажет. Украин армиясы оған келіспесе, Донецк халық республикасының сарбаздары партизандық соғысқа көшеді. Ал ұшақ апатына келер болсақ, сарбаздарда 10 шақырым биіктіктегі әуе кемесін атып түсіретін қару да жоқ, ― дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары