$ 448.56  478.03  4.79

Құтқарушылар Алжир ұшағы құлаған жерді тапты

Буркина-Фасодан келген құтқарушылар алжирлік авиалайнер құлаған жерде ұшақ сынықтары мен адамдардың мәйіттерін тапты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Осыған дейін Буркина-Фасо армиясының генералы Жильбер Дьендере ұшақ сынықтары Мали аумағындағы Госси  қаласының оңтүстік батысына қарай 80 км, буркиниялық шекарадан 50 км жерде орналасқан Буликесси (Boulikessi) елді мекенінде табылғанын мәлімдеген. Бұл ақпаратты шетелдік дипломаттар мен жергілікті билік өкілдері растады.

Бүгін Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт апат орнына баруды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, кеше Буркина-Фасо астанасы Уагадугудан  Алжирге бағыт алған алжирлік McDonnell 83 ұшағы радарларған жоғалып кетті. AH5017 рейсін Air Algerie компаниясы жүзеге асырған, ал ол ұшақты испаниялық  Swiftair жалға алған. Уагадугудан ұшқан соң 50 минут өткеннен кейін ұшақпен байланыс үзілді.  

Ұшақ бортында 116 адам, олардың қатарында 15 елдің азаматы болған, басым бөлігі - француздар. Алдын ала болжам бойынша барлығы қаза тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары