$ 494.87  520.65  4.91

100 миллионыншы тұрғын туылды

Дженналин Сентино (Jennalyn Sentino) есімді нәресте Филиппиннің 100 миллионыншы азаматы деп танылып отыр. Ол 27 шілдеде түнде архипелагта туған жүз баланың бірі, деп хабарлайды «Қазақпарат» France-Presse агенттігіне сілтеме жасай отырып.

— Бұл біздің алдымызда тұрған мүмкіндік және жаңа шақырулар. Себебі халық санының өсуі, жұмыс күшін арттырады, бір жағынан мемлекет асыраушыларының саны да көбейе түспек деген сөз. Себебі елімізде 25 пайыз халық кедейшілікте өмір сүреді», — дейді Филиппиннің халық санағы комиссиясының атқарушы басшысы Хуан Антонио Перес.

Кішкентай қыздың әкесі 45 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі Клименте Сентино өз баласын ғана емес, сонымен қатар оның анасын да асырай алатындығын айтуда. Айтпақшы, Клементе мен оның 27 жастағы зайыбы Дайлин Сабигаян ресми түрде үйленбеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары