$ 446.49  475.38  4.79

Мәскеулік мұсылмандар қаланың бас мешітіне сыймай қалды

Бүгін таңертеңнен бастап Мәскеудің бас мешіті Ораза айтын асыға күткен мұсылмандарға лық толды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ria.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Сайттың мәліметінше, мешітке сыймағандар сыртындағы алаңдарға да жайғасқан. Келушілердің қарасы әлі де үзілер емес.

Дуров көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, Олимпиада даңғылы бойында да көлік қозғалысы шектелген.

Айт намазын жамағатпен бірге оқуға ниеттенген мұсылмандар мешітке таңғы сағат 5:00-ден бастап жиналған. Олар Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутлиннің уағызын тыңдап, бір-бірін қасиетті Рамазан айының аяқталуымен құттықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары