$ 494.87  520.65  4.91

Қытай өз «Аватарын» түсірмек

Century Media қытайлық компания Bainiaoyi жаңа 3D-фильмін түсірмек. Ол Джеймс Кэмеронның «Аватарымен» бәсекелесуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазақпарат» «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Туындының тұсаукесері 2016 жылға жоспарланып отыр.

Фильм қытайлық Чжуан этникалық азшылығының фольклоры негізінде түсірілмек. Гука есімді жас жігіт сиқырлы киім - bainiaoyi табуға тырысады. Осы киімнің көмегімен ғана Чжуан халқын мазалап жүрген зұлым айдаһарды жеңуге болады.

— Мақсатымыз - «Аватарға» бәсекелес болатын эпикалық шығыс фэнтезиін құру, — деді Century Media Company бас менеджері Чжао Сонг.

Фильм 2015 жылдың мамырында Қытайдың оңтүстігінде түсіріле бастайды. Оған «Аватар» және «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдерімен жұмыс істеген режиссерлер жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, «Терминатор 2» және «Айдаһарды қалай ырыққа көндіруге болады» мультфильмінің сценарийшісі тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары