$ 447.4  477.55  4.76

«Петиция, тыйым салу»: Елімізде вейп, темекі өнімдеріне қарсылықтың көрінісі қандай?

Бұл өнімдердің құрамында никотиндік құрамдар бар. Олар жүйке, жүрек, өкпе, ас қорыту органдарының қызметіне кері әсерін тигізетінін атап өту керек.
Фото: 23.mchs.gov.ru
Фото: 23.mchs.gov.ru

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 33 ел өз кезінде вейптерді сатуға тыйым салған. Оның ішінде Дания, Уругвай, Аргентина және Норвегия бар. Ал 79 ел бұл өнімдерді қоғамдық орындарда тұтынуды, оларды жарнамалау мен демеушілік танытуға және насихаттауға тыйым салған. Осы орайда өткен шақырылымның депутаттары электронды темекені айналымнан алып тастауды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдап, соған сәйкес жұмыстарды атқарды. Бұл жұмыстар 2021 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.

2018 жылы Қазақстандағы HBSC зерттеуіне сәйкес, еліміздегі 15 жастағы ұлдардың 14%-ы және қыздардың 6% - ы вейптерді қолданып көрген, ал 11-15 жастағы ұлдардың 8,5% - ы және қыздардың 3,8% - ы электронды темекіні қолданған. GYTS (2014) деректерімен салыстырғанда көрсеткіштер ұлдар арасында үш есе, қыздар арасында екі есе өсіп отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева темекі индустриясының дамуымен нарықтық өнімдердің жаңа түрлері дамып жатқанын айтты.

«Бұл өнімдердің құрамында никотиндік құрамдар бар. Олар жүйке, жүрек, өкпе, ас қорыту органдарының қызметіне кері әсерін тигізетінін атап өту керек. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын қорғау мақсатында шара қолданылуы керек», - деді Сәрсенбаева.

Ол атағандай, бірнеше жыл бұрын қазақстандық нарыққа электрондық темекі келгенін айтты.

«Электронды темекінің құрамында никотин болуы да, болмауы да мүмкін. Басқа қосапалар мен ароматизаторлар бар. ДДСҰ дерегінше, 16 мың ароматизатордың түрі бар. Олар адам ағзасына токсиндік әсер етеді. Вейптердің жаңа түрлері тыныс алу жүйелеріне кері әсерін тигізіп, гипоксияға алып келуі мүмкін. Зерттеулер аталған өнімнің токсиндігін жоғары екенін көрсетіп отыр. Бұл өнімді көп тұтыну никотинге тәуелді ұрпақты қалыптасытруы мүмкін. Қазір бұл өнімдер жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тараған», - деді ол.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, қазіргі электронды темекі сұйықтықтарында никотин бар. Никотин психикалық және физикалық тәуелділікті тудырады, жүйке жүйесінің, жүректің, өкпенің, ас қорыту органдарының қызметін бұзады. 

«Зерттеулер көрсеткендей, картридждердегі сұйықтықта және пайда болған аэрозольде заттардың барлық спектрі анықталды: глицерин мен пропиленгликоль, Е дәрумені ацетаты, бензол, акролеин, ұшпа органикалық қосылыстар, пропилен оксиді, сондай-ақ ұсақ бөлшектер-РМ10 және РМ2. 5 бар», - деді Гүлнәр Сәрсенбаева.

Ол атағандай, медициналық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудыратын ЭС аэрозолының зиянды заттары металдар, атап айтқанда никель және қорғасын болып табылады.

Жуырда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вейпке тыйым салуды ұсынды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жасөспірімдердің бұл құрылғыларға әуестігі күннен күнге артып, эпидемия ауқымына жақындады. Тыйым салудың бастамашылары әрдайым іс-шаралар өткізіп, тыйым салу – ең дұрыс шешім дегенді алға тартады. 

Сонымен қатар, Заңға жұмыс істемейтін түзетулер енгізе бергенше, қолданыстағы заңнаманы сақтай отыра, реттеуді қатаңдату арқылы жасөспірімдер арасында вейптердің жаппай таралу мәселесін шешуді көздейтін петиция жарияланды. 

Петиция авторы – журналист, блогер, Tastau.qaz қауымдастығының негізін қалаушы Татьяна Фоминова.
Петиция авторы «өнім әдетте Қазақстанға заңсыз, белгісіз мөлшерде әкелінетінін, оны кім өндіретінін және құрамында не барын ешкім білмейтінін» айтады. Осыған қарамастан, петиция сауда нүктелерін бақылауды күшейтуге және заңсыз өнімді әкелуді реттеуге емес, республика аумағында вейптерге толық тыйым салуды көздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары