$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының жұмысымен танысты

Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы Байдувалиевке әуелі мекеменің тыныс-тіршілігін жан-жақты таныстырып, жедел медициналық көмек көрсету бойынша көрсеткіштер туралы толық мәлімет берді.

Айта кетейік, қаладағы жедел жәрдем станциясы алғашқылардың бірі болып 100 пайыз электронды жүйеге көшкен. "103" нөміріне түскен шақыртулардың барлығын орталықтағы үлкен экран арқылы бақылауға болады. Осының арқасында медициналық жедел көмекке мұқтаж тұрғындардан шақырту қабылдайтын мамандар жедел жәрдем бригадаларына шақырту берілуін және бригадалардың сол шақыртуға бару жолын электронды түрде басқарып отырады.

Сондай-ақ басқарма басшысы жедел жәрдем көліктері мен техникалық дайындық жұмыстары барысымен танысты.

Сапар соңында Асхан Байдувалиев халықтан түскен шақыртулар кезінде жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттырып, мамандарға біліктілікті арттыру үшін тәжірбиені үздіксіз шыңдау қажеттігін атап өтті.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары