Сондай-ақ кездесуге Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова, №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай және №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Сарсен Пернебеков қатысты. Қоғам жанашыры әрі заңгер Эльмира Есімбетова №1 қалалық клиникалық аурухана мен жедел жәрдем қызметіндегі бірнеше өзекті мәселелерді ортаға салып, проблемалардың шешу жолын қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде басқосуда айтылған мәселелердің шешу жолдары туралы басқарма басшысы едел-жедел бас дәрігерлерге тапсырма беріп, денсаулық сақтау саласын жақсартуға арналған жоспарларымен бөлісіп, бірақ жайтқа тоқтала кетті. ҚР Медиациялар палатасының басшысы Эльмира Есімбетова бұл ретте басқарма басшысы Асхан Байдувалиевке алғысын білдіріп, денсаулық сақтау саласын жақсарту бағытында тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды.
«SN.kz»-ақпарат.