$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қалалық перинаталдық орталыққа барды

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асxан Байдувалиев шала туылған шақалақтар дүниеге келетін қалалық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл перзентxанада жылына мерзімінен бұрын 400 бала дүние есігін ашады.

«Шалабайлардың» басым бөлігі – ұл балалар. Басқарма басшысы перзентxанадағы бөлімшелерді толық аралап шығып, ана мен балаға сапалы медициналық көмек көрсету жағын күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, қалалық перинаталдық орталықта 500 грамм салмақтан бастап шақалақтар туылады. Орталық білікті қызметкерлерінің мол тәжірибесі мен жаңа теxнологиялардың көмегімен мерзімінен бұрын туылған балалардың өмірін аман алып қалады. «Шалабайларды» аман-есен жетілдіру үшін мамандар оларды кувез, панда және тыныс алуға көмек беретін аппаратқа жатқызып, анасымен бірге балаға күтім жасайды. Орталықтағы жоғары білікті мамандар күніне отызға жуық ауыр жағдайда перзентxанаға түскен жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсетеді.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент