$ 494.87  520.65  4.91

Армяндық қыздың көзінен жаспен бірге кристалл түседі

Дәрігер, әрине, мұның патология екенін, оның өте сирек кездесетінін айтады. Сондықтан оның себебін анықтау өте қиын көрінеді.

Офтальмолог дәрігер Татьяна Шилова жыласа жас орнына «моншақ» түсетін 22 жастағы армян қызы Сатеник Каразянға диагноз қойып көруге тырысты, деп жазады Zakon.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дәрігер, әрине, мұның патология екенін, оның өте сирек кездесетінін айтады. Сондықтан оның себебін анықтау өте қиын көрінеді. Дегенмен дәрігер бұл көздегі кристалданудың үдеуі салдарынан жас сұйықтығында тұздардың көбейіп кетуінен болуы мүмкін деп өз болжамын ортаға салады.

«Жас дегеніміз – құрамы жағынан қанға ұқсас биологиялық сұйықтық. Сондықтан белгілі бір жағдайларда, жалпы, дененің генетикалық ауытқуы немесе көз ауруының қабынуы салдарынан оның құрамы бұзылуы мүмкін», - дейді Шилова.

Метаболизмнің бұзылуы салдарынан осындай кристалдар бауыр мен бүйректе де пайда болып жатады, Сондықтан науқасқа толықтай тексеруден өту қажет.

Газарянда біртүрлі құбылыстың алғашқы белгілері екі ай бұрын білінген. Қыздың көзінен жаспен бірге бір тәулік ішінде 50-ден астам кристалл түседі екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#моншақ #жас