20 жыл бойы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасы бойынша 2011 жылдан бері 29 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн әлемдегі жүрек-қантамырлары ауруларының өсімімен байланысты қоғамдағы қауіптілікті түсінуді жоғарылатуға, сондай-ақ халықтың барлық тобында ишемиялық аурулар мен ми инсультіне қатысты профилактикалық шараларды бастауға бағытталған.
Жүрек-қантамыры аурулары және инсульттің пайда болуының қауіпті факторлары жоғары қан қысымын, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін, темекі шегу, көкөністер мен жемістерді жеткілікті тұтынбау, артық салмақ, семіздік пен физикалық енжарлықты қамтиды.
Созылмалы стресс және мазасыздық - жүрек-қантамырлары ауруларының қоздырғышы. Жүрек-қантамыр ауруларының дамуына әкелетін залалды өмір салты көбінесе бала жасында және жасөспірімдік кезеңде қалыптасады. Өсе келе жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу қаупі арта береді. Сондықтан, профилактикалық әрекет етуді бала кезінен бастау керек.
Сондай-ақ, Гиппократ айтқандай: «Гимнастика, дене жаттығулары, жаяу жүру жұмысқа қабілеттілігін, денсаулығын және толыққанды өмірін сақтап қалғысы келетін әр адамның күнделікті тұрмысына енуі керек».
Қазіргі заманда аурулар мен оларды дамытатын қауіп факторларын ерте анықтау үшін, күйзеліспен күресіп, экологиялық нашар жағдайда денсаулықты сақтап қалу үшін тұрақты медициналық тексеруден өтетін денсаулық мәдениетін дамыту қажет.
Дүниежүзілік жүрек федерациясының деректері бойынша, салауатты өмір салтын жүргізу, темекі шегуді бақылау, дұрыс тамақтану және физикалық белсенді болу арқылы инфаркт және инсульттан болатын мерзімінен ерте өлім жағдайларының 80%-ын алдын алуға болатын еді.