$ 494.87  520.65  4.91

Қалай дұрыс ұйықтау керек екенін білесіз бе?

Бұл туралы ғалым Эт Бен Саймон The Business Insider-ге берген сұхбатында мәлімдеді.

Беркли Калифорния университетінің зерттеушілері еріктілерді екі топқа бөліп, тәжірибе өткізді. Осылайша, олар ұйқысыз түн адамның үрейлену деңгейін 30% -ға көтеретінін анықтады деп жазады KAZ.NUR.KZdoctor.rambler.ru-ға сілтеме жасап.

Терең ұйқы, керісінше, күйзелісті азайтуға көмектеседі және тіпті миллиондаған адамдардың жүйке жүйесінің бұзылуынан емдейтін дәрі-дәрмектердің орнын баса алады. Бұл туралы ғалым Эт Бен Саймон The Business Insider-ге берген сұхбатында мәлімдеді.

"Үрейлі бұзылулары бар адамдар әдетте ұйқының бұзылуы туралы хабарлайды, бірақ сирек ұйқының жақсаруы алаңдаушылықты төмендету үшін клиникалық ұсыныс ретінде қарастырылады", - дейді маман.

Сондай-ақ, МРТ ұйқысыз түнді өткізген адамдарда мазасыздықты бақылауға көмектесетін медиальды префронтальды ми қыртысы ажырағанын көрсетті. Ал эмоцияларға жауап беретін ми бөлімдері гипербелсенді болды.

Осы орайда мамандар терең ұйқыны шақыратын бес кеңесті ұсынды:

алқын бөлмеде ұйықтау;

күнделікті бір уақытта ояну;

ұйқыға дейін бір сағат бұрын терезелерді перделермен жауып, барлық электронды құралдарды өшіру керек; егер ұйқысыздық пайда болса, онда сізді тыныштандыратын бірдеңе істеу керек;

кофеин мен алкогольді сусындардан бас тарту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұйқы