$ 494.87  520.65  4.91

Қатерлі ісіктен сақтанудың 10 жолы

Әлбетте, 100 пайыздық кепілдік берілмейді.

Жұртты емдейтін дәрігерлердің өздері қалай емделеді? Бұл мақалада соңғы жылдарда кеңінен етек алған қатерлі ісікті болдырмаудағы американдық дәрігерлердің кеңестері жинақталған. Әлбетте, 100 пайыздық кепілдік берілмейді. Дегенмен, күнделікті әдетке айналдырған жағдайда осы кеңестердің берер пайдасы мол деп ойлаймыз. Сонымен... 

1. Теріні қорғау

«Адамның  терісі – қатерлі ісік үшін ең жеңіл нысана» деп есептейді американдық дерматолог Джозеф Собанко. Пенсильвания университетінің ғылыми қызметкері күнделікті таңертең бетіне күннен  қорғайтын SPF 30 кремін жағады, оның құрамында мырыш пен титан элементтері бар екен. Тіпті бұл тіс жуу сияқты әдетке айналып кеткен.  

2. Шпинат, жұмыртқа мен авокадо 

Моффит онкологиялық орталығының қызметкері, білікті онколог Филипп Шписс қатерлі ісіктен ерекше тағам арқылы қорғануды жөн көреді. Таңертеңгі асқа 1/4 стакан шпинатты бұқтырып, оны жұмыртқамен араластырады да бұдан бөлек тағы бір стакан жұмыртқа ақуызын құяды. Сосын сырдың үгітілген ұнтағын, авокады, аздап чили соусын қосады.  Филиптің пікірінше, бұл қатерлі ісікке қарсы ең үздік тағам. 

3. Аспирин қабылдау

Коннектикут университетіндегі қатерлі ісі профилактикасы бағдарламасының директоры Даниэль Розенберг тоқ ішек ісігінен  сақтанудың жолы – күнделікті аспирин тұтыну деп біледі. Дәлірегі, күніне 81 милиграмм аспирин ішу қажет. Әйткенмен, американдық дәрігерлердің аспиринге деген тым қатты әуестігін де ұмытпаған жөн. Қалай болғанда да, жуырда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, бір жыл бойы күн сайын 75-1200 мг аспирин қабылдаған адамдардың тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 33 пайызға аз болғанын көрсетті.   

4. Пластикке жоламау

Сан-Францискодағы Калифорниялық университеттің урология профессоры Джун Чан еш уақытта пластикалық ыдыстарды пайдаланбайды. Оның айтуынша, мұндай материалдардағы химикаттар қатерлі ісіктің туындауына әсер етеді. Сондықтан түскі асын үйде әзірлеп, жұмысына керамикалық ыдыспен апарады. Бұл да ақылға қонарлық кеңес па, қалай...  

5. Теріге арналған витаминдер 

Слоун-Кеттеринг атындағы онкологиялық орталықтың дерматологы Энтони Росси тамақ үстінде никтинамидті қабылдайды. Бұл ультракүлгін сәулесінің әсерінен пайда болатын тері қатерлі ісігінің алдын алатын В3 витаминінің формасы. Әрине, тек осы витаминмен шектелмеу қажет. 

6. Жаңғақ жеген пайдалы 

АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институты жүргізген зерттеудің нәтижесінде темекі шеккенімен, жаңғақты көп жейтін ер адамдардың өкпе қатерлі ісігіне ұшырау қаупі төмендеу екені анықталды.  Бұл  жаңғақтың темекі шегумен байланысты ағзаның тотықтандыру стресін баяулататын қасиетімен түсіндірілсе керек. Сондықтан Дана-Фарбера онкология институтының онкологы Мэтью Юргелон күн сайын миндаль немесе жаңғақты көптеп жегенді әдетке айналдырған.  

7. Балық жеу

Лос-Анжелес қаласындағы университеттің урологы Кристофер Сайгал әлдеқашаннан бері тек балықтың етін жейді. Әсіресе классикалық кешкі асы – грильдегі арқан балық (лосось), қоңыр күріш пен көкөніс. Сайгалдың айтуынша, мұндай асты кемінде аптасына екі рет жеген абзал. «Бұл сау жүрек сыйлаумен қатар простата қатерлі ісігін болдырмаудың кепілі» дейді профессор. 

8. Сабыр сақтау

Созылмалы стресс рак клеткаларының дамуына дейін ұласуы мүмкін. Дегенмен, осыны біле тұра ашуланғанда немесе уайымдағанда сабыр сақтап, жөнге келу оңайға соқпайтыны белгілі. Мұндайда не істеу керек?  АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің жанындағы Файберг атындағы медицина мектебінің урологы Нельсон Беннет  келесі тәсілді ұсынады. «Есікті құлтта, телефонды ажырат та отыр. Мұрнымен терең тыныс алып, ауыз арқылы шығар – осыны он рет жаса. Көзіңді жұм да айналадағы ең әлсіз деген дыбыстарға дейін тыңдауға тырыс, тіпті ол жанып тұрған шамның шуылы  болса да  дыбысын ажыратуға ұмтыл. Енді өзіңнің тынысың туралы ойлан, оны тыңда. Бұл бірден болмайды, шамамен 15 сеанстан соң тиісті пайдасын бере бастайды», дейді Беннет.   

9. Аптасына кемі 75 минут терлеу

Кливленд қаласындағы Қатерлі ісік аурулары институтының онкологы Кит МакКрэ өте көп жұмыс істейді. Сонда да физикалық жене шынықтыруға міндетті түрде көңіл бөледі. Ол велосипедпен жүргенді ұнатады. Жұмыс күні 35 шақырым, ал демалыс күндерде одан да көп қашықтықты еңсеріп тастайды.   JAMA Internal Medicine орталығында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей,   азаннан кешке дейін кеңседе отырып, жаттығу жасамайтындарға қарағанда  аптасына кемі бір жарым сағат белсенді түрде дене шынықтырумен шұғылданатындардың қатерлі ісіктен қайтыс болу қаупі 30 паызға төмен екен.  

10. Таңертең көк шәй ішу 

Кишуоки қаласындағы Солтүстік-Батыс госпиталінің онкологы Алан Ван қарапайым әдісті қолданады: ол таңертең міндетті түрде көк шәй ішеді. 2016 жылғы ғылыми зерттеуде  маофэн көк шәйә антиоксиданттардың ең жоғары деңгейіне ие екені байқалды. Антиоксидант  қатерлі ісікті болдырмайтын белсенді зат    екенін ескерсек, онкологтың бұл әрекетін тек құптау керек.  

Дереккөз: Oinet.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қатерлі ісік