$ 444.22  476.38  4.82

Эксперимент: тамақтану алдында қолды не үшін жуған дұрыс? (ФОТО)

Әсіресе, қол жумай тамақтану түрлі асқазан-ішек ауруларын тудыратынын балаларға түсіндіру қиын.

Тамақтану алдында және одан кейін де қолды жуу маңызды екенін ұмытпаңыз. Жуылмаған қол арқылы қауіпті бактериялар ағзаға еніп, әртүрлі ауруларға әкеледі. Бірақ солай бола тұра, кейде асығыстықтан қолымызды жумай тамақтана беретін әдетіміз бар. Әсіресе, қол жумай тамақтану түрлі асқазан-ішек ауруларын тудыратынын балаларға түсіндіру қиын.  

Жақында АҚШ-тың Айдахо штаты мектебінің мұғалімі балаларға қызықты эксперимент көрсетті. Ол жуылмаған қолымызда қанша қауіпті бактериялар өмір сүретінін және олардың тамақпен бірге ағзамызға енетінін тәжірибе арқылы дәлелдеген.

Компьютердің пернетақтасына ысқылаған нан бір айдан соң көгеріп кеткен.

Қолды жуудың ең жақсы әдісі қандай?

Бір айдан кейін мұғалім оқушыларға нанның кесектері қаншалықты өзгергенін көрсеткен. Алғашқы қаптаманың ішінде барлық мектеп компьютерлерінің пернетақталарына ысқыланған нан көгеріп кеткен де, ешкімнің қолы тимеген нан бұзылмаған күйі сақталған. Бұл дегеніміз, оған ешқандай бактериялар кірмеген және ол толығымен таза қалыпта қалған дегенді білдіреді. 

Ешкімнің қолы тимеген нан

Сондай-ақ, лас қолдармен ұстаған нанда да зең пайда болған. Таза қолмен ұстаған нан өзгеріссіз қалған. Тәжірибенің оқушыларды таң қалдырғаны әртүрлі дизенфекциялық ерітіндімен жуылған қол арқылы ұсталған нанда да микробтар бар болып шыққан. Яғни, микробтарға қарсы дизенфекциялық өнімдер ағзамызды микробтардан толық қорғай алмайтыныны іс жүзінде дәлелденген. Тәжірибенің пайдасы – мұны көрген оқушылар қолын күнделікті жууды әдетке айналдырған. 

Жуылмаған қол және жуылған қолмен ұсталған нандардың айырмашылығы

Сондай-ақ, үй жануарларын ұстағаннан кейін де қолды жуу керек екенін ұмытпағаныңыз жөн. Себебі, олар қауіпті бактерияларды тасымалдаушы болып саналады. 

Дезинфекциялық ерітінді арқылы жуылған қолмен ұстаған нанның бір айдан кейінгі көрінісі

Маңыздысы, дезинфекциялық құралдар қолыңыздың толық тазалығын қамтамасыз ете алмайды, сондықтан сабынды үнемі қолдану - денсаулығыңыз үшін пайдалы.

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары