$ 494.87  520.65  4.91

Аз ұйықтайтындар түрлі дертке шалдығады

Зерттеуде адам үшін ең тиімді ұйқы ұзақтығы 7 сағат екені айтылады.
Фото: Илья Питалев
Фото: Илья Питалев

Ағылшын ғалымдары ұйқы ұзақтығы мен өкпе фиброзының арасындағы байланысты анықтады, деп хабарлайды Medicalxpress.

Зерттеуде адам үшін ең тиімді ұйқы ұзақтығы 7 сағат екені айтылады. Бұл нормадан ауытқу түрлі дертке шалдығу қаупін арттырады. Тәулігіне 4 сағат немесе одан да аз ұйықтайтындар өкпе фиброзына шалдығуы мүмкін.

Ал күніне он бір сағат немесе одан да көп ұйықтайтындарда мұндай қауіп үш есе жоғары. Жыл сайын бұл дерттен  бес мың британиялық көз жұматыны айтылады. Бұл лейкемия ауруынан көз жұматындардың көрсеткішімен тең.

Сондай-ақ, тым кеш ұйықтайтын және ауысыммен жұмыс істейтіндерде де өкпе фиброзы дертіне шалдығу қаупі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұйқы қанбау