ХІХ ғасырдың ортасынан бастап адам температурасы төмендей бастаған. Нақтырақ айтсақ, Цельсий бағамы бойынша 37-ден 36,6 градусқа түскен. Мұндай ақпарды eLife журналы америкалық ғалымдар зерттеуіне сүйеніп жариялады.
Зерттеушілер әр кезеңдегі ғылыми жұмыстарды назарға алған. Біріншісі – 1860 және 1940 жылдар аралығы. Одан кейін 1971-1975 жылдар аралығын қараған. Үшінші 2007-2017 жылдар аралығындағы еңбектерді зерттеген. Нәтижесінде адамның орташа температурасы төмендеп келе жатқанын аңғарған. ХІХ ғасырда 37°C қалыпты температура болса, қазір 36,6°C-қа тең. Бұл дегеніміз адам температурасы жыл сайын 0,003–0,004 градусқа төмендеп келе жатқанын көрсетеді.
Ғалымдар адам температурасының төмендеуін қазіргі өмір сүру жайымен түсіндіреді. Қимыл-қозғалыс азайған. Кеңседе отырып жасайтын жұмыстар көбейгендіктен адамдар күніне көп энергия да жұмсамайды. Соның әсерінен адам температурасы төмендеп бара жатыр деген қорытындыға келген.
Негізінен денедегі температураның болмашы ғана өзгерісі ағзада қандай да бір процестің, аурудың басталғанынан хабар береді.
Температура көтерілуінен ағзадағы барлық процесс жылдамдай түседі. Бактерияларды жоюға жауап беретін қан түйіршіктері жиі тыныс алуымыздың арқасында белсенділігін арттырады. Екінші жағынан, температураның көтерілуі қандағы ақуыздардың бұзылуына алып келеді.
Дереккөз: Massaget.kz