$ 447.4  477.55  4.76

Ұйықтар алдында жасауға болмайтын ең қауіпті әрекеттер

Маман ұйықтар алдында бірнеше сағат бұрын спорт залға барып, жаттығу жасау пайдалы деген қағиданы жоққа шығарып отыр.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Дәрігерлер ұйқыға қатысты ең қауіпті әдеттерді атады. Бұл әдеттер түнімен дөмбекшіп шығып, таңертең тұрғанда шаршаңқы болуға әсер етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Вечерняя Москва" басылымына сілтеме жасап.

Мызғып кетер алдындағы жаман әдеттердің бірі - телефонға телміру мен теледидар қарау. Дәрігердің айтуынша, телефонның көк түсі дұрыс ұйықтау үшін жауап беретін гормон - мелатониннің деңгейін азайтады. Ұйықтар кезде сюжет желісі шым-шытырман фильмдерді көргенде организм стресс гормонын бөледі. 

Дәрігерлердің сөзіне сенсек, ұйқыға кетер алдында көп тамақ жемеу керек және мүмкіндігінше кофе мен шай ішпеген жөн. Әйтсе де, аш қарынмен ұйықтамау керек. Тек жеңіл-желпі тамақтануға болады. Егер ұйықтар алдында алкоголь көп ішсеңіз,  себебі, ұйқыңыздың сапасы төмендейді.

Маман ұйықтар алдында бірнеше сағат бұрын спорт залға барып, жаттығу жасау пайдалы деген қағиданы жоққа шығарып отыр. 

 Дәрігер, Алена Гаврилованың тұжырымынша, спортпен айналысқан адамның белсенділігі артады. Бұл белсенділік 4 сағатқа дейін созылуы ықтимал. Спортпен шұғылданған соң, 4 сағаттан кейін ғана жақсы ұйықтауға болады. Ал жаттығу жасай салып, артынша ұйықтау мүлде дұрыс емес.

Сондай-ақ, маман, ұйықтар алдында таза ауада серуендеу пайдалы екендігін айтты. Ғалымдар бұған дейін
 тым аз немесе көп ұйықтаған адамда өкпе фиброзы өршитінін анықтаған еді. Зерттеуге сәйкес, 11 сағаттан көп ұйықтайтын адамдар, бұл дертке 7 сағат ұйықтайтын адамжарға қарағанда жиі шалдығады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұйқы