$ 444.32  473.33  4.76

Диетолог пайдалы деп жүрген тағамдардың зиян екенін дәлелдеп берді

Ол балық жеген кезде де абай болуы керек екенін айтты.
Фото: СС0 / Anastasia Zhenina
Фото: СС0 / Anastasia Zhenina

Диетолог Даниэла Крел пайдалы тағамдардың адамның ағзасына зиян келтіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Focus.de".

Маман бұл тізімге конвервідегі өнімдерді енгізіп отыр. Мәселен, мұндай қызанақта ликопин антиоксиданты болады. Ол иммундық жүйені нығайтып, қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады. Алайда оның банкада сақталатыны қауіпті. Оның ішкі қабатында бисфенол А болуы мүмкін. Бұл зат тағамға түссе гормондар балансы бұзылуы мүмкін. Сондықтан Крел шыны ыдыстағы конвервілерді таңдауға кеңес береді.

Ол балық жеген кезде де абай болуы керек екенін айтты. Өйткені пайдалы заттармен қатар оның құрамында сынап болуы мүмкін. Балықтың құрамындағы сынаптың деңгейі оның жасы мен қай жерде өсірілгеніне байланысты.

Диетологтың айтуынша, ақсерке балығының жеміне антибиотиктер қосылады. Сондықтан ол күрішті азырақ жеу керек екенін айтады. Диетолог тазаланған ақ күріште пайдалы заттар мүлдем жоқ деп отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары