$ 489.06  536.21  5.05

Шымкентте ҚАЖД дәрігері арнайы дәрісі болмағандықтан, екі педофилді «піштіре» алмай отыр

Тергеу дәйектеріне сүйенсек, алғашқысы 8 және 12 жасар қызды зорламақ болған. Екіншісі өзінің азаматтық некедегі әйелінің ұлына сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Шымкентте педофилге химиялық кастрация арнайы дәрінің болмауынан жасалмай отыр. Антиандрогендік гармоналды дәрі қорда жоқ. Айта кетейік, былтыр мегаполисте алғаш рет екі адамға химиялық кастрация жасауға үкім шыққан болатын, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Денсаулық сақтау басқармасымен бірге 2019 жылға аталған дәрілік зат сатып алынбауына байланысты, қазір химиялық кастрация жүргізілмей жатыр. Антиандрогендік дәрілік заттарды 2020 жылы сатып алғаннан соң емдеуді бастау жоспарлануда. Ал екінші сотталған химиялық кастрция жүргізуге денсаулығы жарайтын болса ем басталады, ал жарамайтын болса, сотталған мекеменің емдеу бөлімінде диспансерлік бақылауда болады»,- дейді Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД-ның бас маман дәрігері Рано Улходжаева.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы өткен жылы сотта кәмелет жасына толмағандарға зорлық-зомбылық сипаттағы 14 қылмыстық іс қаралғанын айтты. Соның екеуі сотпен педофил деп танылған. 15 жылдан жаза арқалағанның екеуі де Шымкент қаласының жұмыссыз тұрғыны.

Тергеу дәйектеріне сүйенсек, алғашқысы 8 және 12 жасар қызды зорламақ болған. Екіншісі өзінің азаматтық некедегі әйелінің ұлына сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған.

«Кінәсі дәлелденгеннен кейін біз сот-психиатриялық сараптаманы басшылыққа алып, ол жерде педофил боп танылған соң, оларға химия-кастрация тағайындағанбыз», - дейді Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары