$ 494.87  520.65  4.91

Іргедегі індеттен сақтанған біздің ДСМ дереу 3 миллионнан астам маска сатып алды

«Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула мен қашықтықтағы термометрия үшін қосымша 33 жылуға ден қойғыш құрал сатып алынады», - деді Жандарбек Бекшин.
фото: ru.gauzeroll.com
фото: ru.gauzeroll.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дереу 3 миллионнан астам медициналық маска сатып алып жатыр. Бұл туралы бүгін бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ауруханаларға әртүрлі медициналық маскаларды дереу сатып алып жатырмыз. Олар – 2,5 миллион қарапайым медициналық маска, 1,3 миллион респираторлық маска, бір реттік және кәсіби костюмдер, сондай-ақ, диагностикалық аппаратураның шығын материалдары. Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула мен қашықтықтағы термометрия үшін қосымша 33 жылуға ден қойғыш құрал сатып алынады», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, министрлік дәке таңғыштарды жаппай өндіру үшін отандық өндірушілерге өтініш жасаған.

«Екіншіден, ЖРВИ симптомдарын анықтау үшін түрлі диагностика амалдары бар. Оның үстіне, ДДСҰ-мен келістік, алып тастау әдісі бойынша істеп жатырмыз. Егер тұмау мен ЖРВИ анықталмаса, әрі қарай диагностикадан өткізу үшін анализдерді ДДСҰ орталықтарына жібереміз. Сондай-ақ, сынамаларды диагностикадан өткізу үшін Ресейге жіберу туралы келісім бар», - деді бас санитар.

Еске сала кетсек, бүгін түрлі инфекция жұқтырды деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласына Бейжіңнен ұшып келген 17 жастағы қыздың, артынша тағы 4 адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары