$ 448.15  483.46  4.86

ДДСҰ коронавирустың әлемге таралуына дайындала беру керектігін ескертті

Біз коронавирусты тежеуге дайындалуымыз керек.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус әлемдік қоғамдастыққа коронавирустың пандемиясына дайындалу керегін ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап.

"Қазір пандемия ахуалы келді деу, фактілерге қайшы. Дегенмен, жағдай үрей тудыруы мүмкін. Біздің әлем басқа не бейтарап ақ-қара емес. Біз коронавирусты тежеуге дайындалуымыз керек. Пандемияның алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануымыз керек", - деді Т. Гебрейесус.

 ДДСҰ-ның басшысының сөзінше, коронавирусты жеңуге әмбебап тәсіл жоқ. Әр мемлекет өздерінің жүйесімен науқастарды емдеп, тәуекелге барып отыр.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 77 мыңнан асқан. Ал өзге елдерде 1769-ға жетіп отыр. Олардың арасында осы дерттен жазылмай, өліп кеткендер де жетерлік.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус