$ 448.56  478.03  4.79

«Пандемиямен қанша күрессе де сәтсіз болады»: вирус туралы үздік 5 фильм

Вирустың біраз уақыттан бері бар екені белгілі болып, үкіметтің оны жасырып келгені анықталады.

Коронавирус дертінің өршіп тұрғанына орай, Caravan.kz оқырман назарына вирус туралы 5 үздік фильмді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Вирус
Оңтүстік Кореяның 2013 жылы жарыққа шығарған фильмі. Катастрофа және драма жанрында түсірілген. Фильмнің сипаттамасы: Сеулге жақын кішігірім қаладан заңсыз мигранттар өліп жатқан контейнер табылады. Қайтыс болған мигранттардың ішінен біреуі аман қалған. Ол вирусқа шалдыққан, өмір сүруіне аз ғана уақыты бар. Оның вирусы бүкіл халыққа жұға бастайды.
Ғалымдар вирустың алдын алуға тырысып бағады, бірақ, олар бұл вирусты ешқашан кездестірмеген.

Носители
2009 жылы жарыққа шыққан АҚШ фильмі. Сипаттамасы: Төрт дос вирусқа ұшырағандарын түсінеді де, өз аудандарынан қашып кетеді. Кейін олар бұл вирустың өте қауіпті екенін біледі.

Зараженная
2015 жылы ужас жанрында жарыққа шыққан фильм. Басты рөлдерде Арнольд Шварценеггер мен Эбигейл Бреслин ойнайды. Фильм сипаттамасы: Мэгги зомбиге айналатын ауруға шалдығады. Үкімет вирус жұқтырған адамдарға карантин жариялайды. Бірақ, Мэггидің әкесі қызының карантинге жатуына қарсы.

Заражение
2011 жылы Стивен Содербергтің катастрофа жанрында шығарған фильмі. Фильм сипаттамасы: Бір топ ғалымдар өте тез дамып келе жатқан вируспен күреседі. Пандемиямен қанша күрессе де сәтсіз болады. Дүрбелең басталып, бүкіл әлемде хаос пайда болады.

Эпидемия
25 жыл бұрын, яғни 1995 жылы катастрофа жанрында жарыққа шыққан фильм. Сипаттамасы: Әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі – Мотаба. Вирус Заирдан Солтүстік Калифорнияға келеді. Тергеу кезінде вирустың біраз уақыттан бері бар екені белгілі болып, үкіметтің оны жасырып келгені анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары