$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Halyk Bank кеңесшісі де коронавирус жұқтырған болып шықты

Қазір сырқат пен онымен байланыста болған барлық қызметкер оқшауланып, карантинге жатқызылған.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Halyk Bank ғимаратында жұмыс істеген консультант коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, банктің PR-қызметіне сілтеме жасап.

«Банк ғимараттарының бірінде кеңес беру қызметімен айналысқан сыртқы ұйымның қызметкері COVID-19 коронавирусын жұқтырғанынан хабардар етуді жөн көрдік» делінген Halyk Bank хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігінің әрекет ету алгоритміне сәйкес, қазір сырқат пен онымен байланыста болған барлық қызметкер оқшауланып, карантинге жатқызылған.

«Банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңселік үй-жай мен бөлімшелерді үнемі санитарлық өңдеу жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі тәртіпте жұмыс істейді, барлық операция клиенттерге қолжетімді», - деп атап өтті Halyk Bank өкілдері.

Бұл мәліметті растайтын постты журналист Қайнар Олжай да facebook парақшасына жазған болатын. Оның айтуынша, күннің жексенбі екеніне қарамастан, банктің барлық мамандары кеңселеріне шұғыл шақыртылыпты. Арасында әріптесіміздің туысқан інісі де бар екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары