$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 60-қа жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 наурыз, 23:50-дегі жағдай бойынша, Алматыда соңғы науқас тіркелген. Осылайша, Қазақстанда жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетіп отыр.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Қазақстанда Ақтөбе тұрғынынан кейін Алматы қаласында тағы екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 наурыз, 23:50-дегі жағдай бойынша, Алматыда соңғы науқас тіркелген. Осылайша, Қазақстанда жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетіп отыр. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.

Реті келгенде айта кетейік, ел тұрғындары биліктің осындай тек «сан қуған» ресми мәлімдемелеріне наразы. Олар өздерінің сақтанып жүрулері үшін сырқаттанған адамның аты-жөні аталмаса да, қай аймақта, қайсы тұрғын үйде тұрғанын білгеніміз дұрыс еді деседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары