$ 514.65  544.6  5.17

Халықаралық эстафета: Біртанов үш тілде еркін сөйлеп, қолды дұрыс жуу тәсілін көрсетті (ВИДЕО)

«Құрметті достар! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы, доктор Тедрос бастаған #SafeHands челленджді мен де қолдаймын!» - деді министр.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов facebook парақшасында пандемия жағдайында қолды қалай жуу керектігін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті достар! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы, доктор Тедрос бастаған #SafeHands челленджді мен де қолдаймын! Коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың өте қарапайым жолдарын еске салғым келеді.

Ең алдымен қолды жиі сабынмен 20 секунд жуу қажет. Төмендегі видеороликте қолды дұрыс жуу әдісін көрсетемін. Сонымен қатар, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн:

аса қажет болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз;

өзіңіз қонаққа бармаңыз және қонақ шақырмаңыз;

бөлмелерді күніне кем дегенде 2 рет желдетіңіз;

үйді күнде ылғал шүберекпен тазалаңыз.

Дендеріңізге саулық тілеймін!» деп жазды министр.

Тағы оқи отырыңыз: Коронавирус туралы ақпаратты Біртанов емес, Абаев хабарлайтын болды

Ал эстафетаны Әсет Исекешев, Hans Kluge Jr., Дәурен Абаев, Aлтай Көлгінов, Aсхат Аймағамбетов, Біржан Нұрымбетов, Аружан Саин және қолдауға ниетті басқа да азаматтарға жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары