$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанда 10 сәуірге дейін коронавирусты 17 мың адам жұқтыруы мүмкін» - Инсайд

Орталық, сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 23 наурыз күні 100 адамға жетеді деп болжауда.

Кибершабуылды тексеру және талдау орталығы коронавирустың Қазақстанда тарау моделін жасап шықты. Олардың болжауынша, 10 сәуірге дейін елімізде 17 мың адам инфекция жұқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, bairaq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық модель коронавирустың таралуын зерттеумен айналысатын халықаралық орталықтар тәжірибесі негізінде жасалды. Мамандардың айтуынша, 100 адамға жұққан уақыттан бастап коронавирустың таралу қарқыны жоғарылайды. Орталық, сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 23 наурыз күні 100 адамға жетеді деп болжауда.

Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 220 мың адамнан асады-мыс. Бірақ, бұл адамдар өздігінен емделіп кетеді. Бұдан бөлек, орталық мамандары Қазақстандағы вирустың өлім-жітім көрсеткіші 3 пайыз шамасында болады деген болжам айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары