26.03.2020, 02:25

Бүгін елімізде коронавирус жұқтырған 81-ші науқас тіркелді

фото: 53news.ru
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 26 наурыздағы 01:10 сағаттағы жағдай бойынша Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелгенін хабарлады.

Осылайша, елде вирус жұқтырғандар саны 81-ге жетіп отыр. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 41 адам, Алматы қаласында – 32 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам анықталды.

Тағы оқи отырыңыз: «Қазақстанда 10 сәуірге дейін коронавирусты 17 мың адам жұқтыруы мүмкін» - Инсайд

Еске сала кетсек, 25 наурызда Алматыда карантин режимі күшейтіліп, тағы бірқатар нысандардың жабылатыны хабарланған болатын.