$ 494.87  520.65  4.91

«Ертең Нұр-Сұлтан қаласының ДСБ көз жұмған әйелге қатысты ақпарат береді» - Дәурен Абаев

«Бүгін Үкімет жариялаған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты шектеулер – коменданттық сағат емес. Бірақ, ол талаптарды қатаң сақтау керек», - деді министр.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үш қаладағы шектеу шаралары жайында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Вирустың ел ішінде тарауы өсіп келе жатыр. 28 наурыздан бастап республикалық маңызы бар үш қалада жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бүгін Үкімет жариялаған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты шектеулер – коменданттық сағат емес. Бірақ, ол талаптарды қатаң сақтау керек», - деді Дәурен Абаев.

Бұдан соң ол оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керектігін айтты.

«Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпарат береді. Бұл жағдай коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары