2 сәуір сағат 00.05 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi. Атап айтқанда, Алматы қаласында – 4, Жамбыл облысында – 2 адам, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен, қазір індетке шалдыққан науқастардың жалпы саны 386-ға жетіп отыр. Оның үшеуі – дәрігер.
Ол туралы кеше бас санитарымыз Айжан Есмағамбетова: «Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді», - деп ресми хабарлаған болатын.