$ 448.15  483.46  4.86

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 16 адам анықталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

2 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 7 адам, Атырау облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 адам тіркелді. 

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам,
Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 6 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам анықталды", - делінген хабарламада. 

Қазақстанда жалпы 402 науқас тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус