$ 494.87  520.65  4.91

Әлем елдері коронавирусқа қарсы қытайдың дәстүрлі халық емін қолдана бастады

Қытай дәрігерлері дәстүрлі медицина тәсілдерін науқастардың 90%-інен астамын емдеуде қолданған.

Қытайдың өзі де коронавируспен күресіп жатыр. Елде 82 мыңдай адам дертке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін олардың 94%-і жазылып шықты. Ал 4%-і аурудың асқынуынан көз жұмды. Қазір бұл елде вирус негізінен шетелден келген адамдардан анықталуда. Кеселмен екі айдан аса уақыт күрескен Ухань қаласынан карантин алынды. Ертеңнен бастап шаһар басқа аймақтармен қатынасын қайта жандандырады.

Өткен жылдың желтоқсан айында Ухань қаласында шыққан жаңа вирус бүкіл әлемге мәлім болды. Сол кезден бері Қытай билігі сырқатты анықтау мен емдеудің бірнеше хаттамасын жариялады. Соңғы жетінші құжатта дертті емдеуге қажетті дәрілер ұсынылды.

Интерферон альфа, лопинавирдің ритонавирмен қосындысы, сонымен қатар, рибавирин, хлорохин фосфат және арбидол. Қажет болған жағдайда, белгілі антибиотиктерді қолдануға болады. Дегенмен, сарапшылар «тест адамның жазылғанын көрсетсе де, емді жалғастыру керек» дейді.

«Бұл өзгелермен салыстырғанда, жұқпалы вирус екенін білдік. Екіншіден, ауруы асқынған науқастарды емдеу өте қиын. Әдетте бұған 50 күннен артық уақыт кетеді. Вирусқа қарсы терапияны 10 күнде аяқтауға болмайды. Тест жазылғанды көрсетсе де, 3-5 күн дәрі қабылдауды жалғастыру қажет. Өйткені, бұл – өте күшті вирус», - дейді Қытай инженерлік академиясының академигі Ли Ланьцзюань.

Вирус өте қатерлі болғандықтан, ауыр науқастар саны да көп. Қытай дәрігерлері ауру асқынғанда өкпені жасанды желдету аппараттарының көмегімен науқастардың қан айналуы мен тыныс алуын жеңілдетуге кеңес береді. Сондай-ақ, қан құю әдісін қолданады.

Бұл тәсілдерді өзге елдер де қолданып жатыр. Жергілікті мамандар Қытайдың дәстүрлі медицинасын қолдану тәжірибесімен де бөлісті. Оны науқастардың 90%-інен астамын емдеуде қолданған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл әдіс көптеген науқастарды дерттің асқынуынан сақтап қалған. Атап айтқанда, дәстүрлі медицина дәрілерінің көмегімен адам ағзасындаға уытты кетіруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары