$ 494.87  520.65  4.91

Қант диабетімен ауыратын адамдарға коронавирус аса қауіпті ме?

Кез келген инфекциялық агенттердің, соның ішінде, вирустың да өсуі мен дамуына «қолайлы» қоректік орта болады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты эндокринология курсының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Лаура Даниярова коронавирус инфекциясының қант диабетімен ауыратындарға қаупі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, COVID-19 жұқтыру қаупі әсіресе қант диабеті, гипертония, жүрек-қантамыр жүйесі мен созылмалы өкпе аурулары және қатерлі ісік аурулары бар егде адамдарға төнуі мүмкін. 

«Аурудың декомпенсациясы кезінде қант диабеті санатындағы науқастар ағзасының иммунологиялық реактивтілігі төмендеуі мүмкін. Созылмалы гипергликемия (қандағы қанттың көбеюі) кез келген инфекциялық агенттердің, соның ішінде, вирустың да өсуі мен дамуына «қолайлы» қоректік орта болады. Қант диабетімен ауыратын адамдарда вирустық инфекция қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы және қант диабеті салдарынан асқынуы мүмкін. Қант диабетімен ауыратын адамдарға коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін сақтық шараларын ұстану қажет», - дейді Лаура Даниярова.

 Халықаралық қант диабеті федерациясы қант диабетімен ауыратын адамдарда коронавирустың алдын-алу бойынша ұсыныстар жариялаған болатын. Ең бастысы - өзін-өзі бақылау шараларын қолға алған жөн.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қант диабеті