$ 498.34  519.72  4.85

«Салмағы – 2970,0 гр, бойы – 51 см»: Қызылордада коронавирус жұқтырған әйел аман-есен босанды

«Денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген. COVID-19 вирусына тексеру жүргізілген соң, оның науқас екені анықталды», - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Лззат Ақтаева бүгін facebook парақшасына Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жұқтырған жүкті әйелдің аман-есен босанғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, жүкті әйел ауруханаға 8 сәуір күні келіп түскен. Оған босанатын уақыты жеткен шағында жедел-респираторлы вирусты инфекция диагнозы қойылған.

«Денсаулығын бақылау барысында дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген. COVID-19 вирусына тексеру жүргізілген соң, оның науқас екені анықталды. Әйел баласын аман-есен босанды. Нәрестенің салмағы – 2970,0 гр, бойы – 51 см. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», - дейді Ләззат Ақтаева.

Дегенмен, нәрестеден де COVID-19 вирусына анализ алынған. Ал әйелді COVID-19 вирусынан толық емдеп шығару үшін ол инфекциялық стационарға жатқызылыпты.

«Кезекші бригада мүшелері медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныш құралдарын пайдаланды. Кезекшіліктен соң олар бірден үйдегі карантинге жатқызылды. Олар – өз ісін адал атқарып жүрген біздің заманымыздың батырлары», - деген вице-министр, кезекшілер бригадасының аты-жөндерін атай кетуді де жөн көріпті.

Олар – акушер-гинеколог Ақбота Қоңқабаева, акушер Әйгерім Еңсепбаева, неанатолог Меруерт Аққайырова және балалар дәрігері Айгүл Тұрғанбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары