$ 446.49  475.38  4.79

«Қоқыс пакетін киген дәрігерлер» үшін видео авторы да, ДСМ өкілі де көпшіліктен кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Осыған ұқсас роликті ресейлік пабликтерден көрген болатынмын», - деді Диас Ахметшәріп.

Қоқыс пакетінен жасалған костюм киген дәрігерлер туралы видеоның авторы қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл атышулы видеоны Тараздың 1970 жылғы тұрғыны Олег Сергеев түсіргені анықталды. Ол видеоүндеуінде жағдайды түсінбегенін айтады.

«Кеше қоғамдық ұйымның қызметкерлерін видеоға түсірдім. Оларды дәрігерлер деп ойлап қалдым, бірақ, олай болмай шықты. Қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Әсіресе, дәрігерлерден. Мұндай ауыр кезеңде жағдайды түсінбегендіктен осылай болып қалды», - дейді тараздық.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп те осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Мен расында да бұл видеоны фейк деп айттым. Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Осыған ұқсас роликті ресейлік пабликтерден көрген болатынмын. Ресми түрде барлығынан кешірім сұрағым келеді, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», - деді Диас Ахметшәріп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары