Adyrna.kz сайты редакцияларына Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жолданған хат келіп түскенін хабарлады. Қаз-қалпында берілген ол хатта Қарағанды қаласының тұрғыны өзінің ауруханада «бұйрық бойынша» көп жатып қалғанын айтып шағымданған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Саламатсыз ба, Елжан Амантайұлы! Мен Қарағанды қаласының тұрғыны Шегебаева Пернекүл боламын. Мен өз басымдағы болып жатқан жағдай туралы айтайын деп едім. Сізге дәрігерлер тарапынан болған қателікті айтпақшымын.
Дәрігерлерді адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандар деп білеміз. Бірақ, казіргі уақыттағы істеріне карап, мүлде керісінше ойға қалдым.
Қантар айында больницада ұзақ уақыт панкреатит, гастрит диагнозымен емделіп, диета сақтап жүрген едім. 30 наурыз күні қайтадан ауырып, 31 наурызда ақылы гастретолог дәрігерге көріндім. Ол кісі анализ тапсырып, 3 сәуір күні кайтадан келуім керектігін айтты және дәрі, система жазып берді.
Бірінші сәуір күні медсестраны үйге шақырып, система алмақшы болдым. Сол кезде температурам 37,2 болды. Медсестра «скорый шақыру керек, сізді тексереді де қайтарады» деген соң жедел жәрдемді шақырттық.
Мені Кривогузова көшесіндегі 10 ауруханаға әкелді. Менің ертеңінде кызуым болған жоқ. Мен дәрігер Сергей Сайдовичке жағдайым, яғни ішетін дәрі, алатын система және гастретологтың қабылдауында болуым керектігін айттым. Бірақ, ол кісі дәрілердің бәрін алдыр, системаны 14 күннен кейін аласыз деді.
Мен диета сақтап жүргендіктен, 2 сағат сайын кішкене ғана аздап тамақ ішемін. Енді міне, 11 күн болды, не дене кызуым болған емес, не жөтел жоқ, бірақ, мені шығармай отыр. Бізді емдейтін дәрігер «бізге осындай бұйрық келді, біз оны орындаймыз» дейді. Сонда ол адамдардың жүрегі ауыра ма, бүйрегі ауыра ма, әлде, басқа жері ауыра ма, бәрібір, дене қызуы болса болды, 14 күн карантинге жап деп бұйрық бердіңіз бе? Халықтың камын кім ойлайды? Осы келеңсіз жағдайды шешесіз деп ойлаймын. Сізден жауап күтемін.
Сізге деген құрметпен Шегебаева Пернекүл».
Тағы оқи отырыңыз: «Адам саны ресми цифрдан да көп болуы мүмкін»: Алматыда бір ауруханада 20 дәрігер індетке шалдыққан
Сондай-ақ, Қарағанды облысында осыған ұқсас тағы бір жағдай шығып отыр. Skandal_krg инстаграм парақшасы Теміртау қаласының ауруханасында жатқан науқастың видеосын жариялады. Онда бір ер адам коронавирусқа тест тапсырып, ауру белгілері анықталмаса да қамауда ұстап отыр деп шағымданған.