$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанда сырқаттар саны сәуірдің соңы, мамырдың басында 2 мыңға жетуі ықтимал» - ДСМ өкілі

Қазір жалпы 1091 науқас бар десек, оның ең көбі – Алматы (271 адам), Нұр-Сұлтан (260 адам) қалалары мен Қызылорда облысында (119 адам) болып тұр.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі қашан келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің ғылыми орталықтарымыз дайындаған болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының шарықтау шегі сәуір айының соңында, мамыр айының басында болуы мүмкін. Ол кезде коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 2 мыңға жетуі ықтимал», - деді ол.

Еске сала кетсек, елімізде 13 сәуір, сағат 23.40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 112 адам анықталды. Оның 99-ы – Алматы қаласында, қалғандары Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан тіркелген.

Сонымен, осы сағатта жалпы 1091 науқас бар десек, оның ең көбі – Алматы (271 адам), Нұр-Сұлтан (260 адам) қалалары мен Қызылорда облысында (119 адам) болып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары