Алматыда №12 орталық қалалық клиникалық аурухана толықтай карантинге жабылды, деп мәлімдеді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
«№12 аурухана толығымен карантинге алынды. Олар енді науқастарды қабылдамайды. Бәрін бүтіндей жапты», – деді ол.
Айта кетсек, коронавирусты Алматыда тағы 27 медицина қызметкерінің жұқтырғаны белгілі болған. Олардың 21-і – әйел және 6-ауы – ер адам, араларында бір жүкті әйел бар.
Осы мәселені қадағалап, біге-шігесіне дейін зерттеп жүрген тележүргізуші Ирина Советжанқызы facebook парақшасына күн сайын бірінен соң бірі індетке шалдығып жатқан №12 аурухана дәрігерлерінің президенттен көмек сұрап жазған хаттарын жариялады.
Тағы оқи отырыңыз: «Адам саны ресми цифрдан да көп болуы мүмкін»: Алматыда бір ауруханада 20 дәрігер індетке шалдыққан
Нақты айтқанда, журналистке «Бізге олардың ақшасы керек емес», «Бізді қорқытып жатыр» деп шағымданған олар, бір аптадан бері шырылдап келеді.