$ 494.87  520.65  4.91

Министр вирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы тың деректерді айтты

18 науқас ауыр жағдайда жатыр.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Індетке шалдыққан 18 науқас ауыр хәлде жатыр, 8 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Айтуынша, қазір 939 науқас стационарда жатыр, олардың ішінде 57 бала бар.

"82  процентінің жағдайы тұрақты, 770 науқас жеңіл жағдайда, 151 адамның хәлі орташа, 18 науқас ауыр жағдайда жатыр. Сегіз адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған", -деді Біртанов үкімет отырысында.

Жансақтау бөлімінде он алты адам емделіп шыққан. Соңғы тәулікте үш адам реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1091 адамға жетті. Антирекордты Алматы қаласы – 271, Нұр-Сұлтан қаласы – 260 және Қызылорда облысы – 119 бастап тұр.

138 адам жазылып шықты. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары