Шымкент қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
2020 жылғы 19 сәуірде сағат 21:15-тегі жағдай бойынша Шымкент қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Сонымен, қазір Қазақстан бойынша жазылғандар саны 401-ге жетті.
Жалпы індетке шалдыққандардың расталған жағдайы – 1711 адам. Оның 401-і жазылып шыққан. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы – 177, Алматы қаласы – 84, Шымкент қаласы – 12, Ақмола облысы – 17, Ақтөбе облысы – 7, Алматы облысы – 8, Атырау облысы – 21, Жамбыл облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 12, Қызылорда облысы – 24, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 18, Түркістан облысы – 11 адам.
Өкінішке қарай, коронавирустан қайтыс болғандар саны да 19-ға жетіп отыр.