$ 444.14  477.05  4.85

Қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1977-ге жетті

21 сәуір сағат 20:05-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді.
фото: ria.ru
фото: ria.ru

Қазақстанда тағы 10 адам коронавирус инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

21 сәуір сағат 20:05-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан – 2, Алматы – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қостанай облысында – 2 адам.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 392 адам, Алматы қаласында – 672 адам, Қарағанды облысында – 101 адам, Ақмола облысында – 82 адам, Атырау облысында – 80 адам, Жамбыл облысында – 65 адам, Шымкент қаласында – 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 11 адам, Алматы облысында – 53 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 33 адам, Маңғыстау облысында – 14 адам, Қызылорда облысында – 151 адам, Батыс Қазақстан облысында – 70 адам, Түркістан облысында – 66 адам, Қостанай облысында – 27 адам, жалпы 1977 науқас бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары