$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайдың бір ауылында коронавирус жұқтырған келіншек босанды

«Сәбидің салмағы – 4,7 келі, бойы – 59 см. Қазір екеуі де оқшаулағыш бөлмеге көшірілді», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
фото: vesti.ru
фото: vesti.ru

Қостанай облысының бір елді мекенінде коронавирус жұқтырған жүкті келіншек аман-есен босанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, ол ауруханаға жүктіліктің айы-күні жақындағандықтан емес, COVID-19 вирусын жұқтырғандықтан түскен.

«Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық. Әйел арнайы стационарда, еш қиындықсыз босанды. Сәбидің салмағы – 4,7 келі, бойы – 59 см. Қазір екеуі де оқшаулағыш бөлмеге көшірілді. Дәрігерлер қорғаныш құралдарын киіп, қызметін атқарды» - делінген ведомствоның ақпаратында.

Айта кетейік, қазіргі жағдай бойынша елімізде 13 мың 558 адам індетке шалдықса, 8593 адам сауығып шыққан. Қайтыс болғандар саны – 67. Ал кеше Қостанай облысында 10 адам жазылып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары