$ 494.87  520.65  4.91

Астанада карантин қайта күшеюі мүмкін

Елордада науқастар саны артқан жағдайда карантин қайта күшейтіледі
Фото: astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева коронавирусқа қатысты талаптар орындалмаған жағдайда карантиндік шаралар қайта күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қабылданған карантин мен шектеу шараларына қарамастан, коронавирус инфекциясы әлі де тіркелуде. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін барлық азаматтарды, қаламыздың қонақтарын адам көп жиналатын жерге бармауға шақырамыз. Науқастар саны артқанда жағдайда, қаланың бас санитар дәрігері ретінде эпидемиологиялық жағдайды бағалай отырып, коронавирус инфекциясының ары қарай таралуына жол бермеу мақсатында шектеу әрі карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға мәжбүр боламын», –деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қала тұрғындарының жауапкершілікке салғырт қарауы қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына кедергі келтіріп отыр.

«Тұрғындарды қалада бекітілген карантин режимін сақтауға, коронавирус пандемиясы кезінде өзінің және өзгенің өміріне қауіп-қатер төндірмеуге шақырамын. Сонымен қатар, барлық ұйым басшыларынан карантин режимін қатаң сақтап, санитарлық нормаларды орындауды талап етемін», – деді Жанна Пірәлиева.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары