13.06.2020, 22:20

Бүгін Павлодар облысында еліміз бойынша коронавирустан 73-ші адам көз жұмды

фото: trt.net.tr
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Павлодар облысында коронавирус індетінен 1942 жылы туған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат полрталы, coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Сонымен, Қазақстан бойынша барлығы 73 адам қайтыс болды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы – 14, Алматы қаласы – 10, Шымкент қаласы – 11, Ақмола облысы – 4, Атырау облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 4, Қарағанды облысы – 7, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 11, Түркістан облысы – 3 адам.