$ 496  588.01  6.42

Бірге жүрген Біртанов вирусқа шалдыққандықтан, Мамин де дереу тест тапсыра қойды

«Жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда», - дейді Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі.
фото: baigenews.kz
фото: baigenews.kz

Бүгін Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова facebook парақшасына Асқар Маминнің өзін-өзі оқшаулаулап жатқанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«12.06.2020 ж. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты. Онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды. Е. Біртановтан COVID-19-ға алынған анализ бойынша вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-министрі тест тапсырды. Оның нәтижесі – теріс.

Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда. Дегенмен, бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады», - дейді Зарина Нұрланова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0