$ 494.87  520.65  4.91

Вице-министр қызметкерлерден тест нәтижесін талап ете бермеу керектігін ескертті

«Егер симптомдар байқалмаса, диагностикадан өту – артық шығын», - дейді Ләззат Ақтаева.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева егер азаматтардың қызуы қатты көтеріліп, коронавирус симптомдары анық білінбесе, ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқтығын айтты. Сонымен бірге жұмыс берушілердің тест нәтижесін талап етуін негізсіз деп таныды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

«Жұмыс берушілер қызметкерлерінен ПТР-тесттің нәтижесін әкелуді талап етуде. Оны күн сайын әкеле беру мүмкін емес қой?! Себебі, жұмыс күні аяқталған соң адам үйіне барады, дүкенге барады, азық-түлік алады. Сол кезде де инфекция жұқтырып алуы ықтимал.

Сондықтан ПТР-тест қорытындысының болуы азаматтың ертең ауырып қалмауына кепілдік бермейді. Ауру жұқтырмас үшін маска киіп, арақашықтықты сақтап, антисептик қолданып жүру керек. Тест тапсырарда ойлану керек. Егер симптомдар байқалмаса, диагностикадан өту – артық шығын», - деп пікір білдірді ол бүгінгі брифингте.

Сонымен қатар, вице-министр Қазақстанның қосымша 1 млн 200 мың тест сатып алатынын хабарлады. Қазір елімізде 390 мыңнан астам тест бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары