$ 494.87  520.65  4.91

«Олар вирус ошағында жүр»: Сәуле Қисықова зертхана қызметкерлерін жақтады

Тек симптомдары бар және жақын байланысы бар адамдар ғана тест тапсыруы керек.
фото: rus.azattyq-ruhy.kz
фото: rus.azattyq-ruhy.kz

17 маусымдағы жағдай бойынша елорданың ауруханаларында 1711 адам жатыр – бұл төсек орынның 90%-ын құрайды. Олардың 80-і реанимацияда. Өкпені жасанды желдетуге қосылған пациенттер саны 4 есе өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, елорда әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Егер қала тұрғындары немқұрайдылық танытса, дәрігерлер мен төсек орындар жеткіліксіз болады. Қалалық медицина ұйымдарында 3,5 мың дәрігер және 8 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Қаладағы халық саны 1 миллион 200 мың адам. Санитарлық нормалардың сақталмауы салдарынан жаппай індет тараған жағдайда, бәріне дер кезінде көмек көрсетілмейді. 

Егер бұрын бізде бір ғана зертхана болса, қазір қалада күніне 5 мыңға дейін тест өткізетін 8 зертхана бар. 17 маусымға шамамен 170 мың тест өткізілді, қазір 40 мыңнан астам тест қол жетімді. Зертханаға өте үлкен жүктеме түсуде. Тек симптомдары бар және жақын байланысы бар адамдар ғана тест тапсыруы керек. 

Тесттердің жетіспеушілігне және нәтижелерді жедел өңдеуге жол бермеу үшін, басқалардың барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ. Зертхананың 20-дан астам қызметкері (вирусологтары) індет жұқтырды. Олар күндіз-түні, тәулік бойы жұмыс істейді. Олар да адамдар, робот емес. Олар әрқашан вирус ошағында жүр», – деді денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова. 

Тағы оқи отырыңыз: Сәуле Қисықова неліктен елордада қатаң карантин енгізілмей отырғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы ПТР сынақтары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу, Сovid-19 жұқтырғандар үшін жаңа төсек орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары